16.06.2022, 18:29
Оқылды: 59

Аудан әкімі үздіктерді қабылдады

Теректі ауданы бойынша мектеп бітірушілер саны – 311. Оның 278-і ҰБТ-ға қатысуға ниетті. Алтын ұясымен қоштасқан түлектерге арналған жиынға аудан әкімі Тілек Габдушев қатысып, ақ жол тіледі.

BE215D55-F2E1-4CC5-886F-6A9AF4A0DD82

Содан соң 2021-2022 оқу жылында «Алтын белгі» иегері атанған 17 түлекті марапаттады. Он бір жыл бойы оқуда озат болғандар қатарында Ақбота Ерсайынова, Диана Жанғожиева, Аяна Қайыржанова (Ақсуат ЖОББМ), Аяжан Асылбекова (Ақжайық ЖОББМ), Ершоқан Өтеулиев, Аружан Әділхан, Эльдар Дәулетов, Алина Қуанова  (Подстепный №1 ЖОББМ), Ерлан Ибатуллиев (Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ), Фатима Тайшыбаева (Федоровка №1 ЖОББМ), Ерасыл Аляуов, Қымбат Ертілеу, Алтынгүл Молдашева (Чапаев ЖОББМ), Қарақат Себепова (Аңқаты ЖОББМ) мен Аружан Қозыбақова (Приречный ЖОББМ) болды. Ал, Анна Пушкина (Подстепный №1 ЖОББМ), Әділ Айтқалиев, Алмаз Досанов, Александр Балашев, Дарья Бердникова және Екатерина Журавская (Федоровка №1 ЖОББМ)  «Үздік аттестатты» иеленді.

AAE21AAE-AF62-4162-AAA6-74895F08D00D

Үлгілі «Жұлдыз» би ансамблінің бишісі, биылғы мектеп түлегі, «Алтын белгі» иегері Фатима Тайшыбаеваға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Лунара Сердалиева өнер саласына қосқан үлесі үшін ақшалай сертификат берді.

Мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев жыл бойы үздік нәтиже көрсеткен мектеп басшыларына алғыс хат табыстады.

Салтанатты жиын соңында жас түлектер аудан басшысы Тілек Александрұлына сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

 Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале