Бахиянов атағандай, заң жобасы аясында тыйым салынған балық аулау құралдары мен заңсыз балық аулау үшін әкмшілік жауапкершілік күшейтіледі.
Заң бұзу үшін 20-дан 50 АЕК-ге дейін ұлғайту көзделіп отыр. Бүгінгі таңда заңсыз құралдарды пайдаланғаны үшін айыппұл мөлшері 20 АЕК болса, алда тиісті заңнамалық өзгерістер енгізіп, 50 АЕК-ге жеткізуді көздеп отырмыз. Әкімшілік жазадан кейін ол бір жылдың ішінде қылмысын тағы қайталаса, ол әкмішілік жауапкершілікке тартылатын. Енді бұл құлмысты тағы да қайталанса, әкімшілік қамауға алынады. Бұл заң жобасы ҚР Президенті Әкімшілігенде келісіп жатыр, - деді Бахиянов.
Сондай-ақ ол тәркіленген заттардың саны 50-ден көп болса, синтетикалық заттарды тасымалдағаны, сатып алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.
Бүгінгі таңда тыйым салынған ауларды сатқаны үшін тең әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, - деді ол.
baq.kz