17.06.2022, 12:00
Оқылды: 58

Партиялық бақылау комиссиясы өтті

«AMANAT» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының 2022 жылғы жоспарына сәйкес кезекті отырысы өтті.

IMG_7192

Жиынның күн тәртібіне сәйкес «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасының 59-тармағын орындау мақсатында Ақтау, Ардақ және Ақшат ауылдарына шағын спорт алаңдарын салу мәселесі туралы және құрылыс саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы мен келешекке жоспарлары туралы екі мәселе қаралды.

Отырыс әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде ұйымдастырылды.

Күн тәртібіндегі бірінші сұраққа сәйкес Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары Дархан Абдрашитов ақпарат бере отырып, ауданымызда Жол картасы аясында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Ал аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Рамазановтың құрылыс саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы барысы туралы есебі тыңдалды.

Жиынға қатысушылар тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, мердігер ұйым өкілдеріне ұсыныстар берілді. Кеңес төрағасы Г.Бисенгалиева баяндамашыларға хаттамалық тапсырмалар беріп, жиынды қорытындылады.

Арман Керей,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале