Жылжымайтын мүлікті заңдастырғаннан кейін иелері өз мүлкіне толық билік етуге: сатуға, жалға беруге немесе кепілге қоюға мүмкіндік алады.
Сенаттың Экономикалық саясат жөніндегі комитеті заң жобасына жылжымайтын мүлікті заңдастыру туралы норма енгізді, ол 2027 жылдың 1 қаңтарына дейін күшінде болады. Заңдастыру үйлерге, уақытша үйлерге және басқа да ғимараттарға қатысты.
Дегенмен, заң жобасының өз ерекшеліктері бар: бас жоспар бойынша жолдар, әлеуметтік нысандар және инфрақұрылым жоспарланған жерде салынған мүлікті заңдастыру мүмкін емес. Өз бетімен салынған құрылыстар, қылмыстық жолмен алынған мүлік те осы санатта.
Заң жобасын Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев таныстырды. Жылжымайтын мүлікті заңдастыру туралы шешімді арнайы құрылған комиссия қабылдайды, оның құрамында мәслихат депутаттары, қалалық әкімдік қызметкерлері және қоғамдық кеңес мүшелері бар.
ulysmedia.kz