17.06.2022, 17:14
Оқылды: 108

Шөп шабу науқаны басталды 

Казталов ауданында жыл санап мал басы саны артып келеді. Осыған байланысты, мал азығын дайындау мәселесі маңызға ие болып отыр. Биылғы жылы ауданға 300 мың тонна мал азығы (шөп) қажет. Оған қоса, соңғы жылдары ауданымызда қуаңшылық салдарынан мал азығы өнімділігі төмен болып отыр.

EADCBF9E-6C1B-45BD-9CF6-803E58E3BBA8

Оның үстіне аудан көлемінде киіктің саны әлдеқайда артып, біраз елді мекендердегі шөпті отап кеткені көпшілік тұрғындар, шаруа қожалықтары арасында мәселе туғызып отырғаны жасырын емес.
Ал биыл жауын-шашын мол болып, аудан аумағында шөп бітік шықты. Көктемдегі жоғарыдан өзендерге келетін судың да мол болуы оң әсерін беріп отыр. Шөп шабу науқаны маусым айының басында басталып та кетті.

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің берген мәліметтеріне сүйенсек, ауыл шаруашылық техникаларына техникалық бақылау жүргізілген. Ағымдағы жылы 560 трактор шөп шабуға қатысуға әзір. Аудан бойынша тіркелген 432 орақ болса, соның 335 орағы шөп шабу науқанына қатысып жатыр.
Мал азығын дайындау үшін Казталов ауданына 300 тонна облыстан арзандатылған жану-жағармай бөлінсе, соның 150 тоннасы сәуір, мамыр айларында шаруа қожалықтарға берілген. Ал қалған 150 маусым айында игерілмек. Жалпы арзандатылған жану-жағармаймен 65 шаруа қожалғы қамтылмақ. Арзандатылған жану-жағармай құны 188,5 теңгеден «Нефтэк» ЖШС-нен қожалықтарға берілуде.
Өткен жылдарда шөп өнімділігі төмен болған округтер шөп өнімділігі жоғары округтерден тасымалдаған болатын. Сонымен қатар басқа көршілес аудандардан тасымалдау жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы да сол үрдіс жалғасын табатын болады.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале