17.06.2022, 22:08
Оқылды: 34

Ақ халатты абзал жандарға құрмет ерекше

Денсаулық – адам үшін баға жетпес байлық. Денсаулық – ұғымы ақ халатты абзал жандарға етене жақын ұғымдардың бірі. Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын медицина қызметкерлерінің төл мерекесі. Қаратөбе аудандық орталық ауруханасында медицина қызметкерлерінің төл мерекелеріне орай салтанатты шара өтті. 

Медбикелер күні (12) (1)

Әр адам өз өмір жолында ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен алақандарын сезінеді.

Аталған салтанатты шараға Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Карелұлы және аудандық аурухана ұжымының қызметкерлері қатысты.Жиында сөз алған Жасұлан Сұлтан:

- Баршаңызды кәсіби мерекелерінізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздердің мамандықтарыңыз аса құрметті, қадірлі мамандық. Ежелден ғылым, білім дамығанға дейін қазақ халқында емші, сынықшы адамдарға да зор құрмет көрсеткен. Бүгінгі күні елімізде денсаулық сақтау саласына барлық жағдай жасалып, мемлекет тарапынан бағдарламалар күннен күнге жалғасып келе жатыр. Бұл медицина саласына мемлекетіміздің тарапынан үлкен қолдау,- деді.

Медбикелер күні (5)

Өз кезегінде сөз алған Қаратөбе аудандық ауруханасы директорының медицина саласы жөніндегі орынбасары Әсемгүл Жайықбайқызы:

- Құрметті әріптестер, төл мерекелеріңіз құтты болсын! Ауданымызда барлық іс-шараларға атсалысып жүрген, медицина саласында елеулі еңбек етіп келе жатырған әріптестеріме зор ризашылығымды білдіремін. Ақ халатты абзал жандардың орны ерекше. Оны кешегі пандемия кезінде бала шағасын тастап, үй көрмей еңбек еткен сала мамандарының зор ықыластарынан байқауға болады. Осы ретте дәрігерлердің еңбегінің ерекше екендігін айтқым келеді,- деді.

Одан өзге медицина саласы мамандары және Қаратөбе аудандық ауруханасының кәсіподақ төрайымы Бақытсұлу Орынбасарқызы да өз лебізін білдірді.

Медицина саласы мамандарының төл мерекесіне орай ұйымдастырылған шарада Бейімбет Серікұлы, Рахима Өтепбергенқызы, Гүлбарам Халелқызы аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталса, Мейрамгүл Қайржанова, Жазира Жұбанова, Манас Есенқұлов, Фатима Аралбайқызы аудандық аурухананың кәсіподақ ұйымының төрайымы Бақытсұлу Сүйеуғалиеваның алғыс хатымен марапатталды.

Медбикелер күні (11) (1)

Кеш соңында аудандық аурухана ұжымының екпеге қатысты шебер сахналанған қойылымы ұсынылса, аудандық мәдени демалыс орталығының өнерпаздары мерекеге орай әннен шашу шашты.

Әмірбек Жәнібеков,

Қаратөбе ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале