Шалғай ауылдарды газбен қамтып, халықтың тұрмысына қолайлы жағдай жасау - бүгінгі күннің басты мәселесі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте өңір басшысы Ғали Есқалиев биыл БҚО бойынша 27 елді мекенге газ тартылатынын мәлімдеді. Яғни облыстың газбен қамтылуы 99,8 пайызды құрайтын болады.
-Бұдан бөлек 35 елді мекенге ауыз су өткізіледі. Осы жұмыстарға 7,4 млрд қаржы бөлінді. Халықтың жайлы өмір сүруіне бағытталған жұмыстар мұнымен тақтамайды. Өңір халқын сапалы таза сумен қамту, алыс ауылдарды газдандыру жұмыстары үздіксіз жүргізіле береді. Бүгінде жан - жақты жасалған жұмыстардың нәтижесінде Орал қаласын сумен қамту мәселесі де шешіліп келеді. Осы күнге дейін Орал қаласында 28 шақырым су құбыры ауыстырылды. 18 су ұңғымасы қалпына келтірілді. Осы жұмыстар облыс орталығын сумен қамту мәселесін шешуге оң ықпал ететін болады. Екінші мәселе ол - жарықпен қамту. Бұл бағытта ең үлкен мәселе жергілікті электр желілерін таратушы компанияны біз жекеден коммуналдық меншікке қайта алдық. Бұл бюджет қаржысына электр желілерін жаңғыртып, жұмыстарды жөнге салуға мүмкіндік береді, - деді Ғали Есқалиев.
zhaikpress.kz