20.06.2022, 11:32
Оқылды: 53

Ақсай қаласында инсульт орталығы ашылады

-Ақсай қаласында инсульт орталығы ашылады. Ал Теректі ауданында 200 адамдық емхананың құрылысы басталды, - деді Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңір басшысы Ғали Есқалиев.

WhatsApp Image 2022-06-20 at 10.31.10

- Бұдан бөлек биыл 18 медициналық бөлімше мен 6 дәрігерлік амбулатория салу жоспарланып отыр. Бүгінде оларды жобалау жұмыстары жүріп жатыр. Аймақтағы дәрігер тапшылығын жою мақсатында Орал қаласында Асфендияров пен Оспанов университеттерінің филиалы ашылды. Бұл облыстағы маман тапшылығын жойып, халықтың денсаулығын түзеуге, аурудың алдын алуға мүмкіндік береді. Жылына 90 жас маман облысқа келіп еңбек етіп жүр. Дәрігер тапшылығын жою мақсатында медициналық мамандықтарға гранттар санын көбейттік. Биыл жергілікті бюджеттен 602 грант, республикалық бюджеттен 82 грант бөлінетін болады, - деді Ғали Есқалиев.

WhatsApp Image 2022-06-20 at 09.59.45

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале