20.06.2022, 19:47
Оқылды: 51

Бір ауыл – бір өнім

Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында «Бір ауыл – бір өнім» атты облыстық семинар-тренинг өтуде. Аталған жобаны республика бойынша Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында пилоттық жоба ретінде жүзеге асыру жоспарланып отыр.

11122

Жобаның мақсаты – ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамыту, қолөнер бұйымдарын жасауды оқытып үйрету, қой жүнін өндеу.

3333322

Осы жоба бойынша Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының іскер әйелдері жүнді өндеу және бұйымдар жасау бағыты бойынша жұмыстануда. Аталған  семинарға «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлік палатасының республикалық конкурстарды ұйымдастыру бойынша басқарушы директоры, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі департаменті директорының орынбасары Салтанат Әбдікәрімова, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» кафедрасының профессоры, бизнес-тренер Гүлжан Құлманова, облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ляна Тұрсынова, Орал қаласы мен Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Теректі, Тасқала аудандарынан өкілдер қатысуда. Осы жоба аясында аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ляззат Сейткереева облыстық делегация құрамында Қырғызстан еліне тәжірибе алмасуға барып келді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале