21.06.2022, 19:25
Оқылды: 27

Шыңғырлауда бокстан қалааралық турнир басталды

Шыңғырлау ауданының дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде ауданның «Құрметті азаматы» Пятин Александр Ильичтің құрметіне және Рамзан Камзаевтың жүлдесі үшін бокстан дәстүрлі қалааралық турнир басталды.IMG_8002

Шыңғырлау ауданы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырған турнирге Ақтөбе, Орал қалалары, Шыңғырлау ауданы және Ақшат ауылдық округінің құрама командалары қатысуда.

Шараны ашқан аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ө.Бекениязов, Шыңғырлау ауданының «Құрметті азаматы» А.Пятин жарысқа қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі. Өзінің қажырлы еңбегінің арқасында Александр Пятин көптеген шәкірттер тәрбиелеп, спортқа баулыды. Солардың ішінен 5 мәрте КСРО спорт шебері, 5 мәрте спорт шеберіне үміткер, 3 мәрте ҚР спорт шебері, 7 мәрте ҚР спорт шеберінің шығуы - ұстаздың талмай еңбектенуінің нәтижесі.

Төрт күнге созылатын сайыста өз қатарластарынан басым түскен былғары қолғап шеберлері анықталатын болады.

Б.Баймағамбетова,

Шыңғырлау ауданы, 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале