22.06.2022, 15:00
Оқылды: 101

Өрт қауіпсіздігі – өз қауіпсіздігің

Теректі ауданында 2021 жылы тұрғын үй секторында 17 мәрте үйілген қоқыстардың жануы тіркеліп, 9 оқиға бойынша кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

8908b40469ec2bdf66fe6e61cbf73e1e_XL

Суреттің дереккөзі: 24kz

Биыл өрт қауіптілігі кезеңі басталғалы бері аудандық өрт сөндіру бөліміне тұрғын үйлер аумағында  қоқыс жануы  оқиғасы туралы 2 хабарлама келіп түсті.

Осы орайда ескертеміз: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің № 55 бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігі» қағидаларына сәйкес алау жағу, қалдықтар мен ыдыстарды өртеу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 м қашықтықта жүзеге асырылады. Құрғақ, ыстық, желді күндері ауылдық елді мекен, кәсіпорын, саяжайлық ауыл, бау-бақша учаскелерінде от жағуға, қауіпті жұмыстарды жүргізуге, пештерді, ас-үй ошақтарын және қатты отынмен жұмыс істейтін қазандық қондырғыларын жағуға болмайды. Ұшқыннан от шығып, үлкен өрт тудыруы мүмкін.

Сонымен қатар тұрмыстық және басқа да қалдықтарды (қоқыстарды) жинап қою және жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаны үшін азаматтарға әкімшілік жауапкершіліктің қатаңдатылғанын хабарлаймыз.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 336-бабына сәйкес қалдықтарды жинап қою, жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау айыппұл төлеуге әкеліп соғады. Айыппұл көлемі әр түрлі. Атап айтсақ, жеке тұлғаларға – 20, лауазымды тұлғаларға – 50, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 200, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 300, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде салынады. Бұған дейін болған «Ескерту» түріндегі санкция алынып тасталды.

  З.Мырзағалиева,

Теректі ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале