22.06.2022, 12:30
Оқылды: 49

Техникаң сай ма, құжатың қайда?

Сырым ауданында 6 мен 21 маусым аралығында ауыл шаруашылығы техникаларын техникалық байқаудан өткізу жұмысы жүрді.  Аудандық кәсіпкерлік  және ауыл шаруашылығы бөлімі  мен төтенше жағдайлар және полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілген техбайқау қорытындысымен 709 ауыл шаруашылығы техникасының 240 данасы ғана, яғни 33,9 % жарамды. 

IMG-20220617-WA0044

Кәсіпкерлік және ауылшаруашылы бөлімінің бас маманы Айшолпан Жаңатаудың айтуынша, аудандағы ауылшаруашылығы  техникаларының 126 данасы, яғни 17,8 % жаңадан әкелінген. Олардың бәрі  далалық  жұмысқа қатысуға сақадай сай.

Осал техника иесіне ғана емес, түгел жұртқа да залал келтіруі бек мүмкін. Себебі, дала өрттерінің де кейбіріне тұрбасынан тірідей от шашқан тракторлар себеп болып жатады.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңының көлiкте өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу 589-бабына сәйкес, техникалық байқаудан өткізілмеген ауыл шаруашылық техникалары далалық жұмысқа жіберілмейді. Заңды бұзғандарға да жаза бар. Көлiкте белгiленген өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу – бес айлық есептiк көрсеткiш (15315 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде (30630 теңге) айыппұл салуға мәжбүр етеді.

Б. Мұстафа,

суретті түсірген:

Гауһар Саханова,

штаттан тыс тілші

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале