22.06.2022, 18:00
Оқылды: 28

Партия жастардың бастамаларын қолдауға әзір

«AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалының мәжіліс залында партия филиалы жанындағы жастарды қолдау мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға кеңес төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Қуаныш Ермеков, «AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ерболат Бекмулдин және кеңес мүшелері қатысты.

IMG_2808

Қоғамдық кеңестің күн тәртібінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша білікті жас мамандарды тарту мәселесі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының арнайы жобаларын іске асыру барысы бойынша және Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған тақырыптық іс-шаралардың қорытындысы туралы мәселелер қаралды.

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Мұқағали Шоқпанов және «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Айбек Көшеғалиевтің баяндамасы тыңдалды.

Хабарламашылардың баяндамалары негізінде туындаған сауалдар қоғамдық кеңестің қызу талқылауына түсті. Кеңес төрағасы Қуаныш Мерекеұлы жиында көтерілген мәселелердің басым көпшілігі нақты шешімдер қабылдауды қажет ететіндігін атап өтті.

-Ауданда белсенді, білімді, еңбекке құштар жастар жоқ емес бар. Тек олардың қабілетін шыңдайтын, жұмысқа деген жігерлігін, құлшынысын арттыратын жергілікті бағдарламалар қабылдауымыз қажет деп есептеймін. Себебі, мемлекет  қаржысынсыз жергілікті меценаттарды тарта отырып, қоғамдық ұйым өкілдері мен кәсіпкерлердің, жастардың басын қосып жастар саясатын дамытудың негізгі тетіктерін қарастырып, қабылдаған жөн. Егер жастарға сеніммен қарап, өзінің ынтасын аша біліп, қабілетіне сай еңбек ету үшін жағдай жасар болсақ олардың белсенділігі артары сөзсіз. Ал жастар саясатын жетілдіріп, кадр тапшылығының алдын алуда тек мемлекеттік бағдарламаларға қарап отыру дұрыс емес деп санаймын, - деді ол.

IMG_2812

Жастар жиында «Дипломмен ауылға» бағдарламасына өзгерістер енгізу, ауданның туристтік әлеуетін арттыру, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту, NEET санатындағы жастармен жұмыс, жастар идеологиясы мен мәдениетін арттыру бағытында ұсыныстар айтты. Ал Ерболат Мұратқалиұлы партия жастардың бастамасын қолдайтындығын жеткізді.

-«AMANAT» партиясы жастардың қандай да бір бастамаларын қолдауға әзір. Себебі еліміздің болашағы бүгінгі жастар. Олардың пікірімен, ойымен санасу, ұсыныстарын назарға алу партия алдындағы міндеттердің бірі. Қоғамдық кеңестер тек өтті-кетті форматымен емес, бүгінгідей қызу пікірталас, ойталқы алаңына айналу керек. Сонда ғана жұмысымыз жүйеленеді. Мен партия филиалының атқарушы хатшысы ретінде жастарды қолдау мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің көшпелі отырысын және жастардың бастамасымен кезектен тыс отырыстарды өткізіп, жастар саясатын дамытудағы мәселелердің шешімін табуына ықпал етуді ұсынамын. Қоғамның пікірі біз үшін маңызды, - деді партия филиалының атқарушы хатшысы.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале