Бүгін шамамен сағат 16:45-те Теректі ауданы Сары өмір ауылы маңындағы Шалқар көлінде суда ата-анасының қарауынсыз қалған Тасқала ауданы, Амангелді ауылы тұрғыны Савелий Николаевич Локтев (26.12.2013 жылы туған) үрмелі матраспен жағадан көлдің ортасына ағып кеткен.
Суреттің дереккөзі: Хабар 24
Артынан құтқару мақсатымен (21.11.1957 жылы туған) Михаил Леонтьевич Локтев жүзіп кеткен. Екеуі де жоқ. Құтқару-іздестіру жұмыстарына Шалқар көліндегі №5 құтқару бекеті жолданды. Баланың үрмелі матрасы табылды. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.
БҚО ТЖД