22.06.2022, 23:18
Оқылды: 58

Тәртіп сақшылары марапатталды

Биыл Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы орайда ұйымдастырылған салтанатты шарада сөз алған Теректі ауданы әкімі Тілек Габдушев сала қызметкерлерін құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар өз жұмысын адал атқарған бір топ жандардың еңбегін елеп, алғысхат берді.

93D90B86-C29A-4446-A9BA-C95041873090

Одан әрі Теректі ауданы полиция бөлімінің ардагерлері атынан Т.Тоқпаев ыстық-ықыласын жеткізді. Ол М.Қалиев, С.Крылач, М.Бигеновке құттықтау хат және М.Бекежанов, Е.Киндербаевқа ақшалай сыйақы ұсынды. Ал аудандық полиция бөлімінің басшысы, полковник Рауан Мусин, БҚО полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Махсудхан Аблазимовтың атынан бірқатар әріптестерін марапаттады. Сонымен бірге жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің инспекторы, аға лейтенант Қ.Қазиевке «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісін табыстады.

Мұнан кейін  аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Қ.Бегманов тәртіп сақшыларына  БҚО қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, подполковник Руслан Әміржановтың алғысхатын табыс етті. Салтанатты шара одан әрі мәдениет үйі өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты. 

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале