23.06.2022, 11:30
Оқылды: 52

Тұрғындар жәрмеңкеден жұмыс табуда

Жаңақала аудандық халықты жұмыспен қамту орталығында кезекті бос орындар жәрмеңкесі өтті. Мұнда 60-қа жуық жұмыссыздар, аз қамтылған, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтар қажетті құжаттарын тапсырды.

IMG_6190

Аудан бойынша 14 мекеме 25 жұмыс орнын және 8 қысқа мерзімді оқу курстарын ұсынды. Дәлірек айтсақ, «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ, Жаңақала колледжі, аудандық мәдени демалыс орталығы, Е.Орақбаев атындағы ЖОББ мектебі, аудандық жер қатынастары бөлімі, аудандық жас туристер станциясы, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, аудандық аурухана, ШЖҚ «ҚазСушар» РМК аудандық топтық су құбыры желісі, №3 ЖОББ мектебі, «Қазпошта» АҚ, ет комбинаты, аудандық білім беру бөлімінен жұмыс берушілер қатысты. Сонымен қатар сегіз қысқа мерзімді оқу ұсынылды.

IMG_6175

Нәтижесінде, жұмыс іздеп келген 17 адам шаруашылық меңгерушісі, кір жуушы, сантехник, кітапханашы, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі менаудандықжер қатынастары бөлімінің статист маманы, пошташы, оператор, көлік жүргізушісі, сүйемелдеуші мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналасты.

Райхан Амантайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале