23.06.2022, 13:00
Оқылды: 48

Демалыс мәнді де сәнді өтпек

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қашан да маңызды. Себебі оқушылардың үш айлық демалысында бос уақыты өте көп болады. Осы мақсатта «Арай» жазғы лагері әдеттегідей өз жұмысын бастады. Түрлі танымдық іс-шаралардан тұратын қызықты демалысқа Шыңғырлау ауданынан 160 баланы 4 кезеңге бөліп қамту жоспарланып отыр.

IMG-20220623-WA0015

Күні кеше лагерьдің ашылуы салтанатты түрде өтті. Арайдағы концерттік бағдарламаға алғашқы кезеңнің 30  оқушысымен бірге аудан әкімі Әлия Биғазықызы мен білім бөлімнің басшысы Қуаныш Ығылманұлы қатысты.  Лагерь ұйымдастырушылары шараға тыңғылықты дайындалған. Демалушылар өз өнерлерін ортаға салып, озық шыққандар марапатталды. Аудан әкімі балаларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, демалыстың мәнді де сәнді өтуіне тілегін білдірді.

IMG-20220623-WA0019

Демалыс орталығы арнайы жоспар бойынша жұмыс жасайды. Таңғы жаттығумен басталатын әр күн: 5 мезгіл тамақтану, психологиялық тренинг, топтық жұмыстар, кітап оқу, мульт-кинолар мен әзілді кинолар қарау, бассейнге шомылу, логиканы дамытуға арналған түрлі жаттығулар мен ойындар, би кешінен тұрады. Осы бағыттағы жұмыстар күнделікті түрлі тақырыпты қамтып, оқушыларға 5 күндік демалысты естен кетпестей әсем етуге тырысады.
Барша ата-аналарды балаларының жазғы демалыс уақытын тиімді өткізуіне атсалысып, «Арай» жазғы демалыс лагеріне демалуға жіберуге шақырамыз.

Аягөз Бақтығалиқызы,

Шыңғырлау аудандық білім бөлімінің баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале