23.06.2022, 14:45
Оқылды: 282

Казталовта тәртіп сақшылары марапатталды

Биыл Қазақстан Республикасы Полициясына 30 жыл толып отыр. Айтулы мерейтой мен 23 маусым ҚР полициясы күніне орай Казталов аудандық мәдениет үйінде салтанатты мерекелік кеш өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Рүстем Зұлқашев қатысып, сала мамандарын мерекемен құттықтады.

20220621143109_IMG_2838

- Полиция қызметкерлері - қоғамның тыныштығын сақтау, қылмыспен күресу сияқты аса жауапты саламен байланыстырған тәртіп сақшылары. Қоғамдық тәртіпті сақтауда, аудандағы қоғамдық ахуалдың тұрақты болуына және орын алған қылмыстық істерді шұғыл түрде ашуда Қазақстан Республикасы алдында берген антқа адалдық танытады деген сенімдеміз. Полицияның қалыптасуы мен дамуына, жас ұрпақты тәрбиелеуге зор үлес қосып келе жатқан полиция ардагерлеріне деген алғысымыз ерекше, - деді аудан әкімі.

20220621143714_IMG_2854

Құқық қорғау саласы мамандарының кәсіби мерекесінде Казталов аудандық полиция бөлімінің бірқатар қызметкері аудан әкімінің, БҚО Полиция департаменті бастығы, Казталов аудандық полиция бөлімінің бастығының алғыс хаттарымен марапатталып, қызметіне адал, ел үшін аянбай еңбек еткен азаматтардың еңбегі еленіп арнайы лауазымдық атақтарға ие болды. Марапат алған сала қызметкерлерінің арасында нәзік жандылар да бар.

- Мен бүгінгі салтанатты кеште Казталов ауданы полиция бөлімінің бастығының алғыс хатымен марапатталдым. Жалпы бұл салада қызметке енді кіріссем де басшылықтың еңбегімізді елеп, марапаттауы мені жігерлендірді. Мұндай марапаттар біз секілді жас мамандар үшін жетістік, әрі жігер беретіні анық. Полиция қызметінде жұмыс істеп жатқаныма өкінбеймін. Себебі, бала кездегі арманым ақиқатқа айналып, халқымыздың тыныштығы үшін қызмет етудемін. Мен үшін полицияда қызмет ету үлкен мәртебе, - деді Жалпақтал полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Гүлдара Жалелова.

Мерекелік кеште сала ардагерлері де марапатталды.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале