23.06.2022, 16:15
Оқылды: 71

Үздік мемлекеттік қызметшілер марапатталды

Бүгін – Мемлекеттік қызметшілер күні. Атаулы мерекеге орай БҚО әкімі Ғали Есқалиев мемлекеттік қызметшілерді құттықтады.

111

«Облыс бойынша 3500-ден астам мемлекеттік қызметші бар. Олар қарапайым халықпен дұрыс қарым - қатынас орнатуға тиісті. Сондықтан біз әрдайым өз біліктілігімізді арттырып жүруіміз керек. Қарапайым халықтың мәселесін ескеріп отыру керекпіз. Мемлекеттік қызметшілер күн тәртібіне қарамай демалыс күндері, кейде тіпті еңбек демалысын алмастан қызметте жүреді. Осыны білетіндер бағалайды. Мемлекеттік қызметте ең бастысы – адал қызмет ету. Жауапты қызметтің жүгін арқалап жүрген әрқайсысыңызға алғысымды білдіремін»,- деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

222

Салтанатты шарада қызметте табысты еңбек етіп жүрген мамандар марапатталды. Олардың қатарында ҚР Президентінің марапатымен 7 адам, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен 2 адам, облыс әкімінің марапатымен 9 адам марапатталды.

333

Мемлекеттік қызмет - елге қызмет ету. Бұл салада жастар да баршылық. Бүгінгі жиында екі жас маман салтанатты түрде ант қабылдап, мемлекеттік қызметші атанды.

44

Жиында Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Мұрат  Байсалов жиналғандарды кәсіби мерекемен құттықтап, 5 қызметкерге алғыс хат табыс етті.

Биылғы жылдың ең үздік мемлекеттік қызметшісі атағы Теректі ауданы, Ақсуат ауылының әкімі Жаннұр Ахметов пен Жаңақала ауданы, Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының маманы Аманкелді Жақсыбаевқа тиді. Екеуі де республикалық байқауда оза шапқандар.

Ел ертеңі жолында тынбай еңбек етіп жүрген барша мемлекеттік қызметшілерді бізде төл мерекелерімен құттықтаймыз.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале