23.06.2022, 19:54
Оқылды: 39

БҚО-да қатты тұрмыстық қалдықтың 85,8% өңделмейді

Бүгін М.Өтемісов атындағы университеттің мәжіліс залында «AMANAT» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Экология мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

InShot_20220623_193451535

Күн тәртібінде қалдықтарды бөлек жинақтау және оны утилизациялау мәселесі және партияның сайлауалды бағдарламасы аясында Орал қаласы мен аудандарда сұрыптау желілері бар қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын салу мәселсі көтерілді.
Жиынға кеңес мүшелерінен бөлек жауапты мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.
Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Хайруллин Бисенғали Хайрулиннің мәлімдеуінше, облыс бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін 147 полигонның ішінен тек 2-уі ғана (Орал және Ақсай қалаларында орналасқан) экологиялық санитарлық нормаға сай келеді.
Орал қалалық қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны (ҚТҚ) 100 мың тоннадай қалдық өңдесе де, қазіргі кезде полигон 95%-дай қатты тұрмыстық қалдыққа толы. Соның салдарынан облысымыздың 85,8% тұрмыстық қалдық өңделмей, тұрғындарға зиян келтіруде. Жаңа полигонның құрылысы бүгінгі таңда өзекті мәселенің бірі болып қалуда.
Отырысты қорытындылай келе, кеңес төрағасы Нұрлан Хабиболлаұлының және кеңес мүшелерінің қолдауымен хаттама негізінде көтерілген сұрақтар бойынша жауапты мекемелерге сауал жолданып, мониторинг жүргізу мақсатында жұмыс тобын құру жөнінде шешім қабылданды.
"AMANAT" партиясы БҚОФ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале