Сонымен қатар ол шетелдік валюта ұсынысының шектеулігіне тоқталды. Бұл оны мамыр айының соңында экспорттаушылар пайдалы қазбаларды өндіруге салық төлеу және «үлкен салық аптасы» аталатын мерзімде экспортқа рента салығын төлеу үшін валюталық түсімді сатқанымен байланыстырды. Маусым айында сатудың мұнша көлемі байқалмады. Сондықтан банктер барлық сатып алушы клиенттерді биржалық сауда-саттыққа жіберді, оның ішінде қарсы ағындар болмағандықтан, бұл валютаға қосымша сұраныс тудырады.
Дегенмен, маусым айында орташа күндік сауда-саттық көлемі 95 млн АҚШ долларын құрады, бұл мамыр айымен салыстырғанда 18%-ға аз. Қазіргі уақытта сауда-саттықтың жалпы көлемі 1,6 млрд АҚШ долларына тең. Яғни, валюта нарығы тұрғысынан экономикалық белсенділік айтарлықтай төмен деңгейде қалып отыр, - дейді Иван Сердюк.
Маманның сөзінше, жалпы алғанда, теңге динамикасы жалпы әлемдік үрдіске сәйкес келеді. АҚШ МБҚ кірістілігінің өсуі мен АҚШ долларының жаһандық деңгейде нығаюы көптеген дамушы елдердің валюталарына қысым көрсетті.
Маусым айының басынан бастап дамушы нарықтардағы валюталардың динамикасы көбіне теріс болды: Бразилия реалы 10,7%-ға, түрік лирасы 5,8%-ға әлсіреді, сол сияқты, Индонезия рупийі мен Мексика песосы және Оңтүстік Африка ранды шамамен 2%-ға әлсіреді. Ал, бұл ретте J.P. Morgan дамушы елдерінің валюта индексі 2,2%-ға төмендеген еді, деп ойын жеткізді Сердюк.
- Маусым айының басынан бастап рубль долларға қатысты шамамен 15%-ға нығайды. Рубль/теңге бағамын белгілеуде ең алдымен теңге мен рубльдің долларға қатысты жеке қалай әрекет қылатыны әсер ететінін атап өткім келеді. Рубль әлемдік нарықта долларға қатысты нығайып келеді, сондықтан рубль/теңге бағамының өсуі жалғасуда, - деді Сердюк.
Маман сонымен қатар, маусым айының басынан бастап Ұлттық Банк алтын-валюта резервтері есебінен айырбас бағамына ықпал ету мақсатында сауда-саттыққа қатысқан жоқ, яғни, интервенция жүргізген жоқ деді.
Әдеттегідей, маусымда жүргізілген валюта нарығындағы операцияларымыз бойынша ақпаратты, яғни, алтын-валюта активтері болсын, Ұлттық қор немесе БЖЗҚ болсын, біз келесі айдың бірінші жұмыс күнінде жариялаймыз.Иван Сердюк Ұлттық Банктің монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары
Сонымен қатар бюджетке трансферттерді жүзеге асыру үшін Ұлттық қор атынан шетел валютасы сатылды, маусым айының басынан бері оның көлемі 408 млн АҚШ долларын құрады.
Сондай-ақ, сарапшылардың назарын теңгенің құбылмалы айырбас бағамы мәселесіне аударсақ деймін. Наурыздан бастап теңге бағамының құбылмалылығы 1,2%-ға бағаланып келеді, салыстырмалы түрде Бразилия реалының осы уақыт ішінде құбылмалылығы – 1,2%, Мексика песосы – 0,7%, дамыған нарықтардан: фунт – 0,7%, еуро – 0,6%. Бұл көрсеткіштер еркін өзгермелі бағыттың толыққанды режиміне бейілділікті көрсетеді, бұл экономиканың теңгерімсіздігін абсорбациялауға және елдің алтын-валюта активтерін сақтауға мүмкіндік береді.
Валюталар бағамы сыртқы іргелі факторлардың өзгерістеріне тікелей сәйкес келмейді, соңғы күндері көріп отырғанымыздай, ішкі факторлар басымырақ ықпал етуде, деп ойын жеткізді Сердюк.
Қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болады.