27.06.2022, 9:31
Оқылды: 48

48,5 шақырымды тоқтамастан жүзіп өтті

«Қазақтың темір ханшайымы» атанған жерлесіміз Әнел  Сытдықова АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Гудзон өзенін 9  сағат 24 минутта тоқтамастан жүзіп өтті. 

;g

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы өкілінің  мәліметінше, Әнел Әлібекқызы Манхэттен аралының айналасында 28,5 миль (48,5 шақырым) қашықтықты тоқтамастан жүзіп өткен. Манхэттенде үш өзен арқылы жүзеді. Олар – Нью-Йорк айлағын Лонг-Айленд бұғазымен байланыстыратын Ист-Ривер  өзені, 15 көпірді кесіп өтетін Гарлем өзені және құдіретті Гудзон өзені.

Осыдан үш жыл бұрын батысқазақстандық Әнел Сытдықова Ла-Маншты (38 шақырым) 15 сағат 15 минутта жүзіп өткен еді.

Айна Имашева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале