ҚМДБ-ға қарасты республикалық «Иман» журналы қазақ қоғамындағы отбасылық, имандылық және ұлттық құндылықтарды насихаттап, журнал оқырмандарының шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында «Ата-анаңды аяла!» тақырыбында шығармашылық байқау жариялады.
Аталмыш сайысқа газетімізде қызмет еткен әріптесіміз, ардагер ұстаз, Ақжайық ауылдық округі бойынша аналар кеңесінің төрайымы Ғазиза Рахметова да қатысып, бағын сынаған болатын.
Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, бұл байқауға 70-тен астам шығарма келіп түсіпті. Кәсіби журналистерден және дін мамандарынан құралған комиссияның шешімімен Ғазиза Рахметқызының «Нала» әңгімесі I орынға (250 мың теңге) лайық деп танылыпты.
Аяулым Бақтығали,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz