4.07.2022, 15:01
Оқылды: 36

Әскери гарнизондардан 825 млн теңгенің мүлкі ұрланған

Қазақстанның Бас әскери прокуратурасы әскери мүліктің ұрлануына қатысты сегіз қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

егемен

Сурет: Egemen.kz

Ведомствода Қазақстанның әскери бөлімдерінде тексерістер өткендігі нақтыланды.

«Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында 825 млн теңгеге жуық сомаға заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдарын ұрлау белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, 8 қылмыстық іс қозғалды», делінген Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қадағалау органында анықталғандай, тергеуді Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары жүзеге асырады.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале