4.07.2022, 17:15
Оқылды: 30

Жыл басынан бері жол апатынан мыңға жуық адам қаза тапты

ІІМ-де өткен брифингте ведомствоның әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова жолдағы қауіпсіздік жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

1

Сурет: Egemen.kz.

«Соңғы 5 жылда ел жолдарында жыл сайын 2 мыңнан астам адам қаза тапты, тағы 20 мыңнан астам адам жарақат алады. Осы жылдың алты айында Қазақстанда 6 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 947 адам қаза тауып, 8110 адам жарақат алды. Бұның негізгі себебі - жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін саналы түрде бұзуы. ЖКО-ның 95%-ы жүргізушілердің ағаттығынан жасалады», - деді Ақтоты Боранова.

ІІМ өкілінің айтуынша, ЖКО себептерінің арасында келесі факторлар бакелер:

  • Жылдамдық режимінен асып кету;
  • Маневр жасау қағидаларын бұзу;
  • Қарсы қозғалыс жолағына шығу;
  • Жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы.

«Жылдамдық режимінің асып кетуіне байланысты 1,5 мыңға жуық ЖКО тіркелді, онда 300-ге жуық адам қаза тауып, 2 мың адам жарақат алды. ЖКО-да қаза тапқандар мен жараланғандардың төрттен бір бөлігін жаяу жүргіншілер құрайды. Жаяу жүргіншілердің кінәсінен 200-ге жуық ЖКО орын алды, онда 40-тан астам адам қаза тауып, 150-ге жуық адам жарақат алды», деп қосты ІІМ өкілі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале