Биыл Теректі ауданының Ақсуат ауылында Балалар жылына арналған шаруалар жүзеге асуда. Соның бірі — бүгін пайдалануға берілген спорт алаңы. Бұл ауыл тұрғындарына, әсіресе, балаларға үлкен қуаныш сыйлары хақ.
Салтанатты шараға Теректі ауданының басшысы Тілек Габдушев арнайы қатысып, ақ тілегін ақтарды. Сонымен қатар ауыл ақсақалы Тоқтамыс Дәукенов те жылы лебізін білдірді.
- Аталмыш алаңның жұмысына Теректі ауданы әкімінің қолдауымен жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді. Мердігер — «НухСтрой» ЖШС. Кәсіпкер Арман Рыспаев басшылық ететін серіктестіктің жұмысшылары алаңды сапалы жасап, мерзімінен бұрын тәмамдады, - дейді Ақсуат ауылдық округінің әкімі Жаннұр Ахметов.
«Берсең, балаға бер» демекші, енді ауыл балақайлары спорт алаңында футболды алаңсыз ойнайды.
Жолдығалидың Самалы,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz