ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаменті заңнамаға сәйкес тиісті іс - шаралар жүргізілгеннен кейін, «Жолаушы» МКК-ге тарату желілері арқылы су беру қызметтеріне тариф пен тарифтік сметаны 50,50 теңгеге және 13,0% - ға төмендете отырып бекіту туралы шешім қабылдады.
Тариф жобасын монополист 380,51 теңге/1 м3 мөлшерінде ұсынды.
Бұл ретте, ТМРКД тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес тариф жобасына мұқият талдау жүргізе отырып, шығындардың кейбір баптарын қысқартты.
Яғни, монополист үшін орташа өткізу тарифі ұсынылып отырған жобадан 13,0% - ға төмендетумен, 2022 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 1 текше метр үшін 331,01 теңге мөлшерінде бекітілді.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаменті