5.07.2022, 20:27
Оқылды: 53

Теннис пен армрестлингтің мықтылары анықталды

Бөкей Ордасы ауданының қайта құралғанына 50 жыл, «Халық Қаһарманы» Хиуаз Доспанованың, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына және Елорда күніне орай үстел теннисінен және қол күресінен турнир өтті.

IMG_20220705_185010
Аталмыш сайысқа «Бөкей Ордасы» командасы, «Сайқын» ауылдық округі командасы, көрші ауданның «Жәнібек-І», «Жәнібек-ІІ» командалары және Ресей елінен келген «Верхний Баскунчак» командасы қатысты.
Мерекелік турнир барысында аудан әкімдігінің аппарат басшысы Асқар Әжіғалиев сөз сөйлеп, барша қатысушыларды мерекелерімен құттықтады.

IMG_20220705_185042
Ал «Верхний Баскунчак» командасының мүшесі Салауат Құбеков жергілікті ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, барша спортшыларға сәттілік тіледі.
Үстел теннисіне үш ойыншыдан тұратын төрт команда қатысса, қол күресі 70 келіге дейін және 70 келіден жоғары салмақ көрсеткішінде өтті.
Сайыс қорытындысында, үстел теннисінен үздік болып «Жәнібек-І» командасы атанса, ІІ, ІІІ орынды «Верхний Баскунчак» және «Жәнібек-ІІ» командалары өзара бөлісті.
Ал қол күресінен 70 келіге дейін көрсеткіште Нұрберген Ахметов үздік атанса, екінші орынға Ернұр Бижанов лайық болды. Үшінші орынға Нұрбек Ғазезов табан тіреді.
Енді 70 келіден жоғары салмақ көрсеткішінде Баймырза Меңдешов үздік танылса, екінші орынға Қуанғай Жаңғуатұлы мен Армат Қадеров қатар келіп, сайыс соңында Қуанғай Жаңғуатұлы оза шауып, екінші орын иегері атанды.

Темхар Рахметолла,
Бөкей Ордасы ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале