6.07.2022, 16:49
Оқылды: 27

«Cybersport» - тан аудандық турнир өтті

Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық пен «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Балалар жылы және Елорда күніне орай «FIFA-2022» турнирі өтті.

IMG-20220705-WA0123

​Турнирге 16-жасқа дейінгі 10 қатысушы қатысып, 4 сағаттан астам уақытқа созылған тартысты ойын болды. Жас киберспортшылар жеребе арқылы екі топқа бөлініп, екі топтан төрт қатысушы жартылай финалға өтті. Финалдық ойында Қайнар Сатқалиев (Арсенал) Әлинұр Нығмет (Тотенхэм) кездесіп, 2:1 есебімен​ Қайнардың жеңісімен аяқталды. ІІІ орынға Гамзат Жолдықайыр (Лейпцик) табан тіресе, Мансур Мұратов (АЯКС) «жеңіске деген жігері» үшін марапатталды.

Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға диплом, естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы, 

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале