7.07.2022, 16:45
Оқылды: 188

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында халықты қолдаудың жаңа жобасы қолға алынуда

Жобаға қатысушылар қолөнершілік немесе көкөніс шаруашылығын үйреніп, жеке микробизнесті дамытуға грант алуға мүмкіндік алады.

Orle_project_logo3

 Қазақстандағы әлеуметтік осал топтардың жалпы саны бес миллион адамнан асады. Бұл халықтың үштен бір бөлігінің экономикалық тұрғыдан қауіпсіз еместігін, жиі қысымға ұшырайтынын және қолдауды қажет ететінін білдіреді. Бұның шешімі ретінде Орталық Азияның Еуразия қоры мен «Шелл Қазақстан» компаниясы Батыс Қазақстан және Атырау облыстары тұрғындарының экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында Orle 2.0 бағдарламасын жүзеге асыруда.

Orle 2.0 — Батыс Қазақстан облысында қолөнер немесе көкөніс шаруашылығымен айналысатын шағын бизнесті құру арқылы халықтың әлеуметтік осал топтарындағы әйелдерді қолдауға бағытталған Orle жобасының жалғасы болып табылады. Бірінші ағыннан айырмашылығы, Orle 2.0 қатысушылардың тізімін Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы 18 бен 45 жас аралығындағы жастар, әйелдер мен ер адамдар үшін кеңейтеді.

«Шелл Қазақстан Республикамыздың әлеуметтік-жауапты инвесторы бола отырып, өзі жұмыс істейтін аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына қолдау көрсетуді алдына мақсат етіп қояды. Orle жобасының көмегімен біз жаңа дағдыларды үйретіп қана қоймай, бенефициарларымыздың армандарын жүзеге асыруға көмектесеміз», - дейді «Шелл Қазақстан» компаниясының корпоративтік байланыстар жөніндегі менеджері Айгүл Барменқұлова.

2022 жылы жобаға халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын көп балалы ата-аналар немесе баланы өз бетінше тәрбиелеп отырғандар, мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған азаматтар, сондай-ақ кандастар қатыса алады.

«Орле жобасы әйелдерге жаңа нәрселерді үйренуге, өзін-өзі жұмыспен қамтуға және жоба арқылы алған білімдері мен дағдыларын монетизациялауға мүмкіндік берді. Қорымыздың, «Шелл Қазақстан» компаниясының және Алматы облысының жергілікті қоғамдастық қоры (ЖҚҚ), Қазақстан қолөнершілер одағының атынан ұсынылған серіктестердің жұмысының арқасында біз қатысушыларға сенім артып, іске асыруға көмектескен олардың отбасын біріктіре алдық», - дейді «Orle» жобасының үйлестірушісі және ОАЕҚ жобасының менеджері Ақмарал Қарлыбаева.

Жоба барысында 68 қатысушы сарапшылардың көмегімен қолөнер және көкөніс өсіру дағдыларына оқытылады, сондай-ақ бизнес-жоспар әзірлеуде тәлімгерлік қолдау алады. Одан кейін алынған гранттар арқылы олардың 16-сы өз шағын бизнесін ашуға мүмкіндік алады.

Көкөніс шаруашылығына қатысушыларды оқытуды жобаның серіктесі – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қоғамдастық қоры, ал қолөнер бұйымдарын өз жобаларын сәтті жүзеге асыра алған Orle 1.0 қатысушылары жүргізеді. Оқыту шілдеден тамызға дейін онлайн және офлайн режимдерінде өтеді, ал гранттар қыркүйек айында беріледі.

«Orle жобасының арқасында әлеуметтік осал әйелдердің әртүрлі санаттары, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар да қолдау алады. Адамдарға тең мүмкіндік беріп, жаңа нәрсені үйренуге көмектескені үшін ОАЕҚ мен «Шелл Қазақстан»-ға рахмет», - деп өз әсерімен бірінші жобаның қатысушысы, көру қабілеті нашар, балаларымен жылыжайда бұрыш өсіретін Мақпал Мұхамбетова бөлісті.

Жобаға қатысу үшін http://orleproject.kz/ веб-сайтында өтініш толтыру қажет. Өтініш берудің мерзімі 2022 жылдың 20 маусым  мен 12 шілде аралығында. Жобаға іріктеудің нәтижелері 5 шілдеде жобаның сайтында жарияланады.

Қосымша ақпарат үшін:

Акмарал Карлыбаева, жоба үйлестірушісі, akmaralk@ef-ca.org

Сымбат Абишева, жоба бойынша ассистент, symbat@ef-ca.org

Орталық Азияның Еуразия қоры (ОАЕҚ) – жергілікті қоғамдастықтарды нығайту және азаматтық және экономикалық әл-ауқатты арттыру арқылы азаматтарға өз болашағын құруға белсенді қатысуға көмектесе отырып, қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдыратын аймақта 2005 жылы құрылған қоғамдық ұйым. Толығырақ ақпарат алу үшін: http://www.ef-ca.kz/

Шелл Энергетикалық концерні Қазақстанда 30 жылға жуық уақыт жұмыс істейді және бұл елдегі ең ірі инвесторлардың бірі. "Шелл Қазақстан" Қазақстан Республикасының сенімді серіктесі және өзінің қызмет ету аймақтарында жауапты компания болуды мақсат етеді. Қазақстанда Шелл концерні үш жобаға қатысады:

  • Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім (қатысу үлесі - 16,81%)
  • Қарашығанақ кен орны өнімін бөлу туралы түпкілікті келісім (қатысу үлесі - 29,25%)
  • Каспий Құбыр Консорциумы (қатысу үлесі - 7,4%).

Шелл негізгі өндірістік жобаларға тікелей инвестициялардан басқа, маңызды әлеуметтік мәселелерді шешетін бағдарламалар мен бастамаларға үлес қосуда. Осы мақсатта компания ерікті әлеуметтік инвестициялар портфелін жүзеге асырады.

Толығырақ ақпарат алу үшін: https://www.shell.com.kz/ru_kz.html

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале