7.07.2022, 17:30
Оқылды: 40

Киік санын реттеу 15 қыркүйектен қолға алынуы мүмкін

Қазақстанда киік санын реттеу 15 қыркүйектен бастап, 30 қараша аралығына дейін жүргізілуі мүмкін. Бұл туралы ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Нұрлан Қылышбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KSE02117-2-e1655698633897

Сурет авторы: Қайырбек Сариев

«Зоология институты 2022 жылға арналған киік санын реттеудің биологиялық негіздемесін ұсынды. Ғылыми қорытындыға сәйкес, киіктің орал популяциясы санының күрт өсуіне байланысты шөп пен су үшін үй жануарларымен бәсекелестіктің артуына, киіктердің ауыл шаруашалығы дақылдарының егістік алқаптарына кіруіне орай олардың артық басын реттеу қажеттігі туындап отыр. Мұндай жайттың бетпақдала популяциясында да байқалатындығын атап өткен жөн», - деді ол елордада өткен «Киік популяциясы санын реттеу» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында.

Комитет төрағасының атап өтуінше, биологиялық негіздемеге сәйкес, ұсынылып отырған биыл реттелуі тиіс киіктің орал популяциясының басы оның жалпы санының 10 пайызына тең. Оның 5 пайызы аталық киік, 47,5 пайызын ұрғашы киік және 47,5 пайызын биылғы төлі құрайды.

«Ал Қостанай мен Ақмола облыстарының аумағындағы бетпақдала популиясы үшін 2022 жылы есепке алынған санның 2,5 пайызын аулау ұсынылып отыр. Оның 5 пайызы аталық киік, 47,5 пайызын ұрғашы киік және 47,5 пайызын биылғы төлі құрайды. Киік санын биологиялық, сонымен қатар экономикалық тұрғыда реттеутің оңтайлы мерзімі 15 қыркүйектен бастап 30 қараша аралығына дейін», - деді Нұрлан Қылышбаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале