11.07.2022, 16:01
Оқылды: 49

Қазына қаржысы нақтыланды

  Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті он екінші сессиясы өтті. Сессияға облыс әкімі Ғали Есқалиев, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық аппарат басшысы, облыстық мәслихат депутаттары, қалалық, аудандық мәслихат хатшылары, облыстық басқарма  басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.  
455096D2-35F8-445B-9D89-210D1EA7610D
Күн тәртібінде «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы №8-1 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу қақында мәселе қаралып, талқыланды. Бұл жөнінде облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрия Гайтпаева баяндама жасады.
- Жалпы нақтылауға жататын сома 50 млрд теңгені құрады. Оның ішінде «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының жол картасын іске асыруға шығыстар 32,5 млрд теңге болса, енгізілген өзгерістер есебімен облыстық бюджет шығыстары 382,7 млрд теңгені құрайды.
CD717FD1-6F6C-48DE-903C-312C667A047E
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан нысаналы трансферттер мен кредиттерге жалпы сомасы 31,8 млрд теңге бөлінді.
Жергілікті бюджет қаражаттары келесі басым шығыстарға бағытталды. Әлеуметтік сала шығындарына 3 млрд теңге, соның ішінде: білім беру – 2 млрд теңге, денсаулық сақтау – 144 миллион теңге, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға – 159 млн теңге, мәдениет, спорт пен ақпараттық кеңістік – 838 млн теңге.
2E7A8D19-68C3-4A37-99B9-950931A690ED
Шамамен 8,5 млрд теңге тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына жолданды, соның ішінде: жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлеуге - 270,3 млн теңге. Сонымен қатар Теректі ауданындағы Подстепное ауылында және Орал қаласында тұрғын үй құрылысына 6 млрд теңге бөлінді. «Ауыл - ел бесігі» жобасы шеңберінде Теректі, Ақжайық аудандары мен Бәйтерек ауданының 5 су құбырын салу мен қайта құруды қоса қаржыландыруға, сондай-ақ Ақжайық ауданының су құбыры құрылысын аяқтауға және Ақжайық, Бөкей ордасы, Бөрлі, Тасқала, Жаңақала аудандарының ауылдарын сумен жабдықтау үшін кешенді блок модуль орнатуға 590 млн теңге қаржы қарастырылды. Казталов, Жаңақала, Теректі және Бәйтерек аудандарына қарасты ауылдарды газбен жабдықтау желілерінің құрылысын аяқтауға 497 млн теңге бөлінгенін айта кету керек.
84C5B2F5-FA8B-43B4-AF64-C1D6949B2F76
Көлiк инфрақұрылымын қаржыландыруға, атап айтқанда Ақжайық, Жәнібек, Теректі, Бәйтерек аудандарының және Орал қаласының автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге әрі Орал қаласының әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялауға 2,8 млрд теңге бағытталды, - деді Нұрия Ханзадақызы
Одан әрі облыс әкімінің орынбасары Т.Қаюпов пен облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Ә.Қадырбеков «Батыс Қазақстан облысының 2021 жылға арналған облыстық бюджетінің атқарылуы жөнінде жылдық есебін бекіту туралы» шешім жобасымен таныстырды.
Алқалы жиында облыс бойынша әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастары тізбелерін айқындау туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айдар Менеев пен  облыс әкімдігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы №31 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы №7-4 «Жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкалары  туралы» бірлескен қаулысына және шешіміне өзгеріс енгізу туралы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Өмірәлиевтің баяндамасы тыңдалды. Сонымен қатар облыс әкімі аппаратының басшысы Абат Шыныбеков облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 11 наурыздағы №10-3 «2022 жылы әкімдердің халықпен кездесулерінің икемді жылдық күнтізбесі туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, облыстың әкімшілік аумақтық бірлікті басқару схемасын бекіту, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 26 маусымдағы №33-16 «Облыстық құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, шекаралық мәселелер жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесін құру, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия құру туралы баяндама жасады.
A6194652-9072-4E82-B012-524D645D85CB
Өз кезегінде облыстық мәслихат хатшысы Б.Тишанқызы облыстық мәслихаттың барлық сессиялары ашық сипатта өтетінін, депутаттардың сессия алдында өткізілетін тұрақты комиссиялар отырысында өзекті мәселелерді алға тартып, олардың оң шешілу жақтарын қарастыруды дәстүрге айналдырып отырғанын хабарлады. Және есепті кезеңде депутаттардың жұмысы туралы ақпараттар екі тілде мәслихат сайтында жарияланып, облыстық мәслихаттың әлеуметтік желідегі «Facebook» парақшасында жарияланатынын жеткізді.
Депутаттар күн тәртібіндегі облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген  қағида мен кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы  мәселелерді қарап, бекітті.
24E9C5AD-2DEA-425E-A40D-60FE5326769B
Сессия жұмысына қатысқан облыс әкімі Ғ.Есқалиев депутаттардың облыстағы маңызды мәселелерді шешуде атқарған ауқымды жұмыстарына оң бағасын берді. Алдағы уақытта да облыс көлеміндегі жол, су, азық-түлік бағасын тұрақтандыру, қосымша кіріс көздерін анықтау секілді мәселелерді бірлесе шешуге, тұрақты комиссиялар отырысында сала бойынша бірігіп жұмыстануға шақырды.
Ақсұңқар Сәдір,

zhaikpress.kz

Суреттердің авторы Рафхат Халелов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале