Еурокомиссия Украинадағы соғыстың салдарына байланысты осы және келесі жылдарға арналған экономикалық болжамдарын қайтадан қарайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews.com. сайтына сілтеме жасап.
Сурет: ҚазАқпарат
«Біз биыл экономикалық өсім айтарлықтай тұрақты екенін көріп отырмыз. Дегенмен, келесі жылдарға болжамдарды қайта қарауға тура келеді. Өйткені көптеген белгісіздіктер мен тәуекелдер бар, өкінішке орай, инфляция жағымсыз тосынсыйлар әкелуде», - деді Еуропалық комиссияның экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті Валдис Домборвскис.
Экономикалық өсімге әсер еткен екі жылдық пандемияға қарамастан, Домбровскис қазіргі уақытта құлдырау белгілері жоқ деп сендірді. Мамыр айында Еуроаймақтың ЖІӨ 2,7%-ға өсуі болжанды. Бір айдан кейін жылдық ағын 8,6% жаңа рекордқа жетті.