12.07.2022, 13:00
Оқылды: 79

Композитор Жәнібек төрінде

Жәнібек ауданына Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, танымал сазгер, əнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Донеділ Қажымов келді.

InShot_20220712_125521177

Донеділ Қажымовты аудан әкімдігі мен мәдениет қызметкерлері Жәнібек ауылының кіреберісінен қарсы алып, ақ пен бауырсақ ұсынды.

Әрмен қарай аудандық мәдениет үйінде «Ақжайық, елге келсем, сен деп келем!» атты шығармашылық кеш өтті.

Сазгердің «Ақ Жайық», «Айлы түн», «Махаббат», «Ақ Жайық — ару мекенім», «Екеуміз» атты әндері жұртшылыққа кең танымал. Кеш барысында әншінің еңбек жолы таныстырылды.

1952 жылдың 9 қазанында Сырым ауданы Қособа ауылында дүниеге келген әнші биыл 70 жасқа толады. Ол бұрынғы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының түлегі. Ұзақ жыл Ақ Жайық өңірінде өнер саласында қызмет атқарған Донеділ Ізмағамбетұлы бүгінде Қадыр Мырза Әлі атындағы халықаралық қорға жетекшілік етеді.

293163018_2672807072855291_5726250817848127992_n

Шарада сазгердің әндерін Мейрамгүл Дәулетқалиева, Райымбек Каримов, Шынар Қаюпова шырқады. «Ақжайығым»,«Ауылым» деп тебіреніп əн шырқаған əншіні аудан орталығының жұртшылығы жылы қабылдап, ыстық ықыластарын соғылған шапалақтары арқылы білдірді.

Аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев композиторды мерейлі 70 жасымен құттықтап, аудан әкімдігінің атынан алғысхат пен шағын сыйлық табыстады.

Кәусар Тана,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале