12.07.2022, 19:51
Оқылды: 67

Ауыл-аймақты аралаған депутаттар — Жәнібекте

Парламент депутаттары бүгінде еліміздің әр өңірінде ауыл-аймақты аралап, тұрғындармен кездесулер өткізіп жүр. Көптің көкейіндегі мәселелерді тыңдап, елдің тыныс-тіршілігімен танысуда. Осы орайда, бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нариман Төреғалиев, Мәжіліс депутаты Мәлік Құлшар және облыстық мәслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаева Жәнібек ауданына келіп, аудан тұрғындарымен кездесті.

EFC9E958-03AA-4122-8A1D-0DC108D2C203

Ең алдымен халық қалаулылары Күйгенкөл ауылдық округіне ат басын тіреп, жақында өткен референдумды, ҚР Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтып өтті. Кейін ауыл халқының көкейіндегі жүрген мәселелерді тыңдады. Мәселен, күйгенкөлдіктер ауыз су тапшылығын, «Қазпошта» байланыс торабы жұмысының нашарлығын, ауыл ішіне асфальт төсеу керектігін, ауыл фельдшері шақыртуларға келмейтіндігін, қымбатшылық, білім сапасының төмендеуін, техникалық қызметкерлері жалақысының аздығын айтып, ішек тарқатты. Өз кезегінде депутаттар әр сұраққа егжей-тегжейлі жауап берді.

8BD95B7D-0FF4-4AFB-A81E-16457B049445

Әрмен қарай жиын Жәнібек ауылында жалғасты. Бұнда үйлерге техникалық су өткізілу керектігі, шекаралас аудан болғаннан кейін шекарада орналасқан ауылдардың жағдайын жасау қажеттілігі, масыл жастардың көбеюіне байланысты мемлекеттен берілетін атаулы әлеуметтік көмекті қайта қарастыру керек екендігі, сонымен қатар Ғ.Сарыбаев атындағы орта мектепте бала санының азаюына байланысты тоғызжылдық мектепке ауысып жатқандығы айтылса, қалғандары өңір басшысы халықпен кездескен кезде қойылған сұрақтар легі болды.

DF5AC9B8-8F26-4EF2-8964-C1282FB4D77E

Сонан соң халық қалаулылары Тау мен Қамысты ауылындағы халықпен кездесті. Ондағы қойылған сауалдардың көбі дерлік аудан, облыс көлемінде шешілетіндер екен. Республика деңгейінде шешілетін мәселе бірең-сараңы ғана болды. Мысалы, жаңадан ашылған қожалықтар комиссия шешімімен жер ала алмағанды турасында айтылды.

Кездесуден бөлек жұмыс сапарымен келген депутаттар Жәнібек-Талов-Кіші өзен бағытындағы құрылысы жүріп жатқан 33-48 шақырым жолға барып, құрылыспен танысты. 15 шақырым жолға «Қызылорда жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі асфальт төсеуде. Аталмыш жұмысқа ұлттық қордан 644 млн теңге бөлінді. Биыл 8 шақырым жолға асфальт төселеді.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале