13.07.2022, 11:46
Оқылды: 46

Биыл талапкерлер ЖОО-ға құжаттарын үйінен тапсыра алады - министрлік

Жоғары оқу орындарының талапкерлерді виртуалды қабылдауы ең сенімді тәсілдерінің біріне айналып отыр. Өткен жылы шалғайдағы ауылдардың мыңдаған түлектерінің құжаттары осылай қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

618f2162791067cd933c40bbad55c8cb

Суреттің дереккөзі: Ult.kz

Биыл да жоғары оқу орындары виртуалды кеңселерін қайта ашты, қабылдау комиссиялары алғашқы жұмыс күндерінен бастап өтініштерді онлайн қабылдауға әзір. Мұнда университет қызметкерлері кеңес береді және бейне байланыс арқылы құжаттарды қабылдайтын болады.

«Қызмет көрсетудің тиімділігі мен жылдамдығын арттыру мақсатында сондай-ақ, ауа райының аптап ыстығы жағдайында қызметкерлердің штаты кеңейтілді. Қызмет көрсетуге студенттер қатарынан еріктілер тобы тартылуда.

Биыл білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылмақ. Сондықтан Egov электронды үкімет порталындағы уақытша олқылықтар талапкерлердің қызмет көрсету сапасына және құжаттар тапсыруына еш кері әсерін тигізбейді», - деп жазды ведомство.

Университеттер мен виртуалды қабылдау комиссиялары үшін барлық қажетті байланыс ақпараттары Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында орналасқан.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале