Бүгін Оралда «Қазақстанның үздік тауары» көрмесі Қазақ драма театрында өтті.
Дәстүрлі түрде ұйымдастырылған көрмеге облыс бойынша өнім өндіріп отырған бизнес өкілдері өз өнімдерін қойды. Келушілер отандық өніммен танысып, өздеріне ұнағандарын сатып алып жатты. Көрме жұмысымен БҚО әкім Ғали Есқалиев танысты.
Шараны «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды. Оның мақсаты отандық өнімді қолдау, кәсіпкерлерге өз өнімдеріне жарнама жасап, халыққа насихаттауға мүмкіндік беру.
Кәсіпкерлер өз өнімдерінің сапасы арқылы сынға түседі. Үздіктер қатарында көрінген 9 жеңімпаз республикалық көрмеге жолдама алады.
Бұл жолы байқау нәтижесі бойынша «Қазтрубпром» ЖШС, «Мария» сән үйі, «Желаев нан өнімдері» АҚ, «Балзия» ЖШС алдыңғы қатардан көрініп, үздік деп танылды.
Жанат Көшкінбай
zhaikpress.kz
Фото авторы: Гүлмира Сәрсенғалиева