16.07.2022, 12:04
Оқылды: 55

Бәрі бірдей ит жемейді екен...

Оңтүстік Корея – әлемдегі ең қызықты елдердің бірі. Олар Азияны өздерінің музыкасымен, тағамдарымен және телешоуларымен таң қалдырды. Даму қарқыны жағынан, қытай және жапон елдерімен бәсекелесе алады.

70406503-9904-4248-8B54-08F3B8C063A2

1. 90% кореялықтардың көздері нашар көреді. Сондықтан олар бала кезінен бастап көзілдірік киеді.

2. Корея – өте қауіпсіз мемлекет. Қыз бала түнде өзі жалғыз еш қорқынышсыз серуендей береді.

3. Кореядағы ең танымал спорт түрі – бейсбол. Оны бәрі ойнайды, жасы да, кәрісі де.

4. Кореялықтар кофені өте жақсы көреді. Түскі немесе кешкі астан кейін міндетті түрде кофе ішеді.

5. Forbes -тің айтуы бойынша, әлемдегі ең еңбекқор адамдар Оңтүстік Корея халқы.

6. Мектептің мұғалімін тек президенттің өзі ғана жұмыстан босата алады. Бұл мамандық өте құрметті болып саналады.

7. Артық салмағы бар кәрістер өте сирек кездеседі.

8. Кореялық әйелдер терісін және шашын мұқият күтіп, көптеген косметикалық құралдарды пайдаланады. Олар көшеге боянбай шықпайды. 

9. Кәрістер әнді жақсы айтады, сондықтан Корея елінде караоке клубтары жиі кездеседі.

10. Жігіттердің барлығы әскери борышын өтеуге міндетті, егер мүгедек болмаса.

11. Кәрістер өте жомарт адамдар, басқа біреуге көмек көрсетуден бас тартпайды.

12. Жалпы стереотипке қарамастан, кореялықтардың көбісі ит етін жемеген.

13. Кореядағы шетелдіктер екі санатқа бөлінеді: студенттер мен ағылшын тілінің мұғалімдері.

14. Олар танысу кезінде алдымен жасын анықтайды. Бұл қарым-қатынастың әрі қарай дамуы үшін маңызды. Егер сұхбаттасушы кем дегенде бір жылға үлкен болса, онымен сыпайы түрде сөйлеседі.

15. Солтүстік Кореялықтар 1950 жылы Оңтүстік Кореяға бірыңғай коммунистік мемлекет құру мақсатымен басып кірді. БҰҰ соғыс барысына араласып, нәтижесінде 1953 жылы соғыс тоқтатылды. Бүгінгі күні бұл елдердің шекарасы әлемдегі ең қауіпті аумақтардың бірі болып табылады.

16. Сарапшылардың айтуынша, Оңтүстік Корея халқы әлемдегі ең жоғары IQ көрсеткішіне ие!

17.Әлемдегі 5 ең ірі автоөндірушілердің қатарына кіреді. Ең танымал брендтер – Hyundai және Kia.

18. 1963 жылы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 100 доллар болатын, қазір ол 29 000 долларға жетті.

19. Кореяда таэквондо жауынгерлік өнері ойлап табылды.

20. Экономикалық көрсеткіштердің және қазіргі заманғы технологиялардың дамуына байланысты, Оңтүстік Корея, Сингапур, Гонконг және Тайвань «Азия Жолбарыстары» деп аталады.

Дереккөз: faktiler.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале