17.07.2022, 18:06
Оқылды: 48

Қазақстан АЭС-ке арналған ядролық технология бағытында АҚШ-тан тәжірибе жинақтайды

Қазақстан АҚШ-пен ынтымақтастық аясында шағын модульдік реакторлар бойынша FIRST бағдарламасына қатысады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220717180322189a3955829i

Сурет: ҚазАқпарат

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен және АҚШ Мемлекеттік департаментінің «Қауіп-қатерді бірлесіп азайту» бағдарламасының ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық қауіпсіздік бюросының өкілдерімен кездесті.

Оның барысында Америка тарапы FIRST – «Шағын модульдік реакторлар технологияларын жауапты пайдалануға арналған базалық инфрақұрылым» бағдарламасына қатысуды ұсынды.

«Бағдарлама ядролық қауіпсіздік пен таратпау жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкес атом энергетикасын дамытудың ұлттық бағдарламасын әзірлеуде әлеуетті арттыруда АҚШ-тың серіктес елдеріне қолдау көрсетуге бағытталған.

Бағдарлама әлемде енгізіліп жатқан АЭС-ке арналған озық ядролық технологиялармен және жаңа инновациялармен танысуға мүмкіндік береді», - делінген министрлік хабарламасында.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале