17.07.2022, 18:21
Оқылды: 59

Емханада кітапхана ұйымдастырылды

Нұр-Сұлтан қаласындағы №8 емханада тұрғындар үшін кітапхана жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Елордадағы емханада кітапхана ұйымдастырылды

Сурет: www.gov.kz

Шілде айының басында №8 қалалық емханада «Кітап оқы, оқырман!» акциясы басталды. Жобаға бастамашылық еткен – «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ. Басты мақсат – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және насихаттау.

«Акция аясында Нұр-Сұлтан қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесімен бірлесіп BookCrossing сөрелері бар кітап шкафын ұйымдастырдық. Әртүрлі жастағы балаларға арналған алуан түрлі тақырыпты қамтитын кітаптар сыйға тартылды, сондықтан кішкентай оқырмандар кітапхана қорынан міндетті түрде өздеріне ұнайтын кітап таба алады», - деді №8 қалалық емхананың оңалту бөлімінің аға медбикесі Мадина Қалжанова.

Кітапханашылар әдебиеттің бірнеше топтамасын дайындаған. Олардың арасында детективтер, әйелдерге арналған романдар, фантастика, классиктердің шығармалары және өлеңдер де бар. Бұл – елорда тұрғындары сыйға тартқан кітаптар. Сөрелер оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында үнемі әртүрлі әдебиеттермен толықтырылып отырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале