18.07.2022, 9:15
Оқылды: 57

Отбасын ойран қылатын ойын

Букмекерлік кеңселердің қазаққа тигізген зардабы шаш-етектен. Бүгінде атпалдай азаматтар бәс тігіп, барынан айырылып, бармақтарын тістеп жүр. Құмар ойынның қызығына түсіп, тым тәуір жұмысы мен айрандай ұйыған отбасынан айырылған жанның бірі – Василий. 

1

Фото дереккөзі: ernur.kz

Васяны танығаныма он жылдан асты. Соңғы екі-үш жылда мүлдем жоғалып кеткен-ді. Заты орыс қой, ата-бабасының жеріне кеткен шығар деп топшыладым да іздей қоймадым. Былтыр ортақ танысымызбен кездесіп қалғанымда әлгі жігіт: «Сенің досың қазір бомж боп жүр ғой» деп төбемнен жай түсіргендей болды. Мән-жайды сұрастыра келе, Васяның Орал қаласында екенін білдім. Әлгі ортақ танысымыздың сөзінше, ол базар маңындағы Әбубәкір Кердері көшесіндегі жер үйде тұратын келіншектің қолына кіріп алыпты. Бір кездері тым жақсы араласып, дастарқандас болған соң әлгі жігіт айтқан мекенжайды тауып алдым.

Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №83 нөмірінен оқи аласыздар.

 

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале