19.07.2022, 14:45
Оқылды: 33

Ыстықта денсаулықты қалай сақтау керек - дәрігер кеңесі

Синоптиктер осы аптада Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы қырық градусқа дейін көтерілетінін айтқан болатын. Осыған байланысты алматылық дәрігер бірқатар кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220716160900625e

Орталық клиникалық аурухананың жалпы тәжір и белік дәрігері Арина Кирдяйкинаның айтуынша, аптап ыстық әсіресе, гипертониктер, егде жастағы адамдар мен балалар үшін өте қауіпті.

«Күннің ыстығынан ересек адамдардың қан қысымы көтеріледі, криздер, инсульттер жиілейді, балаларға күн өтеді, бас ауырады, лоқсу, құсу, тіпті талып қалу жағдайлары да кездеседі. Сондықтан күн қатты ысыған кезде түскі сағат 12:00-ден кешкі сағат 17:00-ге дейін серуенге шықпаған жөн, күннен қорғайтын бас киім киіңіздер, қолшатыр ұстаңыздар»,- дейді маман.

Сонымен қатар, дәрігер ағзада сусыздануды болдырмау үшін сұйықтықты жеткілікті мөлшерде ішу керектігін атап өтті.

«Сонымен бірге, бөлме температурасындағы суды ішуге кеңес беремін. Себебі, қатты суық су шөлді қандырмайды және тамақ ауруын туғызуы мүмкін. Дені сау адамдарда судың көлемі тәулігіне үш литрден аспауы тиіс, басқаларда екіден аспауы керек. Физикалық жүктемені шектеу қажет, өйткені ағза онсыз да артық салмақ көтеріп тұр, тер қатты бөлінеді, жиі душ қабылдауды, шомылуды ұмытпаңыздар»,- деді дәрігер.

Қазгидрометтің 19 шілдеге арналған ауа райы болжамы бойынша, Алматы қаласында көшпелі бұлт шығады. Ауаның температурасы түнде 19-21, күндіз 30-32 градус ыстық болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале