19.07.2022, 16:00
Оқылды: 46

Оралда «Ұялы» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтті

2022 жылғы 18 шілдеде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Ұялы» ЖШС-ның тарату желілері бойынша су беру қызметіне тарифті индекстеу деңгейінен асатын шамаға тарифті өзгерту туралы өтінімін қарау бойынша жария тыңдау өткізді.

IMG-20220719-WA0023

Жария тыңдау департамент басшысының міндетін атқарушы Гүлжаз Жәнібекқызы Қазбекованың төрағалығымен өтті.

Жария тыңдауға тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалар арасынан жалпы саны 12 адам қатысты.

15

Тариф жобасы бойынша «Ұялы» ЖШС-ның басшысы – Серік Маратұлы Садыков баяндама жасады.

Департаменттің шешімі жария тыңдауға қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, 2022 жылғы 29 шілдеде қабылданатын болады.

 

ҚР Ұлттық экономика министрлігі

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале