Кеше Шыңғырлау ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаттары Нариман Төреғалиев пен Ляззат Рысбекова және облыстық мәслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаева жұмыс сапарымен келіп, Алмаз бен Ақшат ауылдық округінің тұрғындарымен кездескен болатын.
Ендігі кезекте халық қалаулылары бүгін жоспарға сай аудан орталығындағы бірқатар нысандарды аралады. Сенат депутаттары алдымен үш қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Аудан әкімі Әлия Биғазықызы өңірімізде жүргізіліп жатырған жұмыстар жөнінде баяндады. Сенат депутаттары техникалық қадағалаушы маманмен кездесіп, жұмыстың сапалы жүргізілуіне аса мән беруді тапсырды. Одан соң депутаттар аудан орталығында биыл басталған 19 көше жолдарының жөндеу жұмыстары мен балалар жасөспірімдер спорт мектебінде жүргізіліп жатырған күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен қанықты. Халық игілігіне пайдалануға берілетін жұмыстарды жүргізіп жатқан жауапты мердігерлердің өкілдерімен және техникалық қадағалаушы мамандармен жеке сөйлесіп, сөз барысында әр жұмыстың уақытылы әрі сапалы жасалуын күн тәртібінен түсірмеуді тапсырды.
Нысандарды аралап жүргенде халық қалаулылары еңбек саласының ардагерлерімен жүздесіп, олардың да сұрақтарына жауап берді.
Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz