Автомобиль, тіркеме мен жартылай тіркемелер өндірісі 30,6%-ға артты. Машина жасаудағы сала үлесі 37,5%-ға өсіп отыр.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Өзбекстан, Ресей, Беларусь және Қырғызстанға экспорт 23% артып, 4 557 автомобильге дейін өскен.
Жалпы сомасы 53,9 млрд теңгеден асты.
Биыл 13 шілдеде бағдарламаға қатысушы банктер 90 млрд теңге сомасына 11 825 өтінімді мақұлдады.
Мақұлданған өтінімдер бойынша қазірдің өзінде 7 852 автомобиль шығарылды.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша ең танымал брендтердің бестігіне (экспортты қоса алғанда) Chevrolet, Hyundai, Kia, Lada және JAC автокөлігі кіреді.