Казталов ауданы Жалпақтал ауылында малға қажетті техникалық су тарту жұмыстары сəтті аяқталып, бөгетке су айдалды.
Ауыл тұрғындары ауыл шетіндегі бөгетке су айдау туралы мəселе көтерген болатын. Халық уəжіне құлақ асқан ауданның атқамінер азаматтары аудандық бюджет есебінен қаржы бөлгізіп, Қараөзеннен техникалық су құбырын тартқызды. Барлық жұмыстарды өзіміздің жергілікті коммуналдық шаруашылық кəсіпорны атқарып шықты.
Осы мекеменің шебер жігіттері күн-түн демей еңбек етіп, барлық жұмыстарды аяғына дейін жеткізіп отыр. "Біткен іске сыншы көп" демекші, біраз қаражатты қажет ететін маңызды жұмысты атқарған коммуналдық шаруашылық кəсіпорны мекемесінің ұжымына ауыл тұрғындары дəн риза.
Қайрат Жақып,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz