25.07.2022, 10:15
Оқылды: 35

Жапониядағы ең ірі Сакурадзима жанартауы атқылады

Жапонияның оңтүстік-батысындағы Кагосима префектурасындағы Сакурадзима жанартауы екінші күн қатарынан атқылап, елдің метеорологиялық агенттігі қауіптің ең жоғары деңгейін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo News агенттігіне сілтеме жасап.

1

Фото: english.kyodonews.net

Сакурадзиманың алғашқы атқылауы жексенбі күні кешке болды. Салдарынан жанартау жыныстары мен күл кратерден 2,5 км радиусқа дейін шашырап кетті.

Жанартау маңындағы қауіп деңгейі бес балдық шкала бойынша максимумға дейін көтерілді, бірақ сарапшылар қазіргі уақытта ауқымды атқылау қаупі жоқ деп есептейді.

Төтенше жағдайға байланысты ақпарат жинау үшін Жапония премьер-министрінің кеңсесінде жедел штаб құрылып, Кагосима билігі 100-ге жуық адам тұратын жанартауға іргелес екі аймақты жартылай эвакуациялау туралы хабарлады.

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ, жанартаудың айналасын метеорологиялық департамент мамандары тексеріп жатыр.

Үкімет жағдайды бағалауды жалғастыруда, оның ішінде жанартау атқылауынан келген залал да бар.

Сакурадзима - Жапониядағы ең ірі жанартаулардың бірі.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале