Елімізде электросамокатпен қатынайтын адамның жолда жүру тәртібі айқындалады. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: bbc.com/russian/features
«1 шілдеде электр самокаттарының техникалық сипаттамасын белгілейтін ұлттық стандарт күшіне енді. Осы стандарттың талаптарын ескере отырып, электросамокатты басқаратын адамның құқықтық мәртебесі мәселесін қарастырамыз. Сондай-ақ олардың жолда жүру тәртібін анықтаймыз», - деді ол ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.
Оның атап өтуінше, бұл түзетулер «өрескел» құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік ықпал етудің тиімді іс-шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.
«Менің ойымша, бұл түзетулер сонымен қатар елдегі апат жағдайына оң әсер етеді», - деді Жандос Мұратәлиев.