26.07.2022, 19:43
Оқылды: 17

Қазақстанға ресми сапармен Грузия Премьер-министрі келді

Бүгін кешке Қазақстанға ресми сапармен Грузия Үкіметінің басшысы Ираклий Гарибашвили келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

220726194110243e

Сурет: primeminister.kz

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында И. Гарибашвилиді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қарсы алды.

«Екі күндік сапар аясында Грузия үкіметінің басшысы Қазақстан басшылығымен келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр. Тараптар екіжақты сауда-экономика ынтымақтастығын тереңдету мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар Грузия Премьер-министрі «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысымен танысады», - делінген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале