27.07.2022, 12:30
Оқылды: 81

Home Credit Bank теңге депозиттерін 16%-ға дейін көтерді

ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемені көтеруінен кейін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры отандық банктерге депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемені қайта қарауды ұсынды.

000

Бүгіннен бастап Home Credit Bank-тегі мерзімді теңге депозиттері бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме 14%-ға жетті. Ал теңгедегі жинақ депозиттері бойынша мөлшерлеме 16%-ға артты. «Простой» мерзімді депозиті бойынша мөлшерлеменің жоғарылауы депозит ашқысы келетін жаңа клиенттерге ғана емес, қазіргі салымы бар клиенттерге де әсер етеді.

- Осымен жыл басынан бері үшінші рет «Простой» депозиттері бойынша мөлшерлемені көтердік. Бұл жаңа клиенттермен бірге біздің қазіргі салымшыларымызға да арналған қолдау шарасы. Клиенттеріміз бізді қаржы серіктесі ретінде таңдап, сенім білдіргенін жоғары бағалаймыз. Корпоративтік мәдениетіміздің негізіне алынған еуропалық әділеттілік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, клиенттерімізді бөліп-жарғымыз келмейді. Барша клиентіміздің қаржылық әл-ауқатына қамқорлық жасау аса маңызды. Себебі, клиенттердің шынайы алғысы – ең үлкен марапат, — дейді «Home Credit Bank» АҚ басқарма төрағасы Кирилл Бачваров.

Home Credit Bank салымының ең төменгі сомасы 1000 теңгеден басталады. Максималды сомасы шектеусіз.  Салымдарды мобильді қосымшада, сайтта және банк бөлімшелерінде ашуға болады.

Жақында қазақстандық Хоум Кредит Банкі кириллицадағы атаудан бас тартып, Home Credit Bank деп өзгерді. Осы жылдың мамыр айында қаржы институтының меншік иесі ауысып, Еуропалық одақтың азаматтары акционерлер атанды. Ұйымның акциялары пакетінің 75%-ын холдингтің басшысы Иржи Шмейц жетекшілік ететін PPF халықаралық инвестициялық-қаржы корпорациясының топ-менеджменті сатып алды. Шмейц – миллиардер, Чехияның ең бай тұрғындарының бірі, жергілікті Forbes рейтингісінде 13-ші орындағы кәсіпкер.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале